Accessibility links

Босния соғысының Дейтон бітімі

Босния соғысы - Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы Еуропада болған ең ірі қақтығыс. 1992 және 1995 жылдары арасында 100 мыңға жуық адам қаза тапты. Бұл соғыс Югославия мемлекеті ыдыраған соң басталды. Қантөгіс 1995 жылы 21 қараша күні Дейтон (АҚШ) қаласында қол қойылған бітіммен тоқтатылған еді.

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық қылмыстық трибунал 2017 жылдың 22 қарашасында бұрынғы босниялық сербтер командирі Ратко Младичке үкім шығарды. Трибунал Младичті 1990 жылдары Босния соғысы кезінде жасалған геноцид, адамзатқа қарсы және соғыс қылмыстарының 11 оқиғасы бойынша айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.2016 жылы бұрынғы Югославия бойынша халықаралық қылмыстық трибунал Младичтің саяси жетекшісі Радован Караджичті геноцид қылмысы үшін айыпты деп танып, 40 жылға түрмеге қамауға үкім еткен.

Балқан соғысындағы қылмыстары үшін халықаралық сотқа тартылған ең лауазымды шенеунік - Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевич 2006 жылғы наурызда Гаага түрмесінде сот үкіміне жетпей қайтыс болған еді.

XS
SM
MD
LG