Accessibility links

Оқушылар шығармашылығы байқауы

Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында «Табиғат әлемі балалардың көзімен» атты байқау өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық экологиялық орталықтың ұйымдастырған мәдени шара үш күнге жалғасты. Оған 5-10 сыныпта оқитын 300-ден аса оқушы қатысып, жеті номинация бойынша бақ сынады. Жеңімпаздарға теледидар, планшет, смартфон, фотоаппарат және Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының арнайы дипломдары табыс етілді. Шымкент. 20-қараша, 2015 жыл.

XS
SM
MD
LG