Accessibility links

Барысты түгендеу шарасы

Алматы облысындағы тауларда тіршілік ететін барыстың санын және жүретін жерін анықтап, оны сақтап қалу шаралары өтіп жатыр.

Қазақ география қоғамының мамандары мен зоология институтының өкілдері «Барысты құтқару» жобасының бірінші бөлігі аясында бұл хайуанды суретке түсіріп алатын камералар орнатты. Жобаның екінші сатысы кезінде бірнеше барысқа спутникті маяк тағылмақ. Сол арқылы хайуанның қайда жүргенін білуге болады.

Барыс соңғы жылдары азайып кеткен. Қазір Қазақстанда 110-130 барыс қана тіршілік етеді. Дүниежүзі бойынша 4500-7000 барыс бар деген деректер айтылады.

XS
SM
MD
LG