Accessibility links

Ермек Нарымбаевты соттан ауруханаға әкетті


Жедел жәрдем дәрігері белсенді Ермек Нарымбаевты сотта тексеріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2016 жыл.
Жедел жәрдем дәрігері белсенді Ермек Нарымбаевты сотта тексеріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2016 жыл.

"Алауыздық тудыру" айыбымен сотталып жатқан азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты бүгін Алматының Алмалы аудандық сотынан ауруханаға әкетті. Нарымбаевпен бірге белсенді Серікжан Мәмбеталин де сотталып жатыр.

Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаеваның Азаттыққа айтуынша, жедел жәрдем Нарымбаевты кардиологиялық орталыққа алып кеткен. Нарымбаев бүгін таңертеңнен қас қысымы жоғарылағанын айтып, шағымданған.

Жедел жәрдем шақыртқанға дейін бүгін Нарымбаев сотта "құқықтық бассыздық" пен өздері мен қорғаушыларының өтініштерінің қанағаттандырылмауына қарсылық ретінде келесі дүйсенбі - 18 қаңтардан аштық жариялайтынын жария еткен.

Ермек Нарымбаев судьяның сотқа 2015 жылы ақпанда Мұрат Телібековтің үстінен оның кітабының даулы үзіндісін көрсетіп шағымданған Шәкім Уәлиев деген кісіні шақырту туралы өтінішін қанағаттандырмағанына келіспейтінін білдірген. Сотталушылар өздерін Facebook-те жариялады деп сотқа тартуға "негіз болған" даулы үзінді бұрын да құқық қорғау органдарына жазылған шағымдамда айтылған дейді.

Судья Шәкім Уәлиев жазған шағым Телібековке қарсы екенін және оның Мәмбеталин мен Нарымбаев сотына еш қатысы жоғын айтып, оны сотқа шақыртудан бас тартқан.

Судья Нарымбаевтың сотқа Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбайды куәгер ретінде шақырту туралы өтінішін де қанағаттандырмады.

Бұл іске қатысты сот желтоқсанда басталған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG