Accessibility links

Македония премьер-министрі отставкаға кетті


Македонияның отставкаа кеткен премьер-министрі Никола Груевский.
Македонияның отставкаа кеткен премьер-министрі Никола Груевский.

Македония парламенті премьер-министр Никола Груевскийдің отставкасын мақұлдады. Груевский отставкаға басқарушы коалиция мен оппозициялық "Македония социал-демократиялық одағы" (МСДО) партиясы арасында маусымда жасалған келісім талабы бойынша кетті.

Еуропа Одағының қолдауымен жасалған келісімге сай, премьер 24 сәуірге белгіленген парламент сайлауына 100 күн қалғанға дейінгі аралықта қызметінен кетуі тиіс болған.

МСДО мәлімдемесінде парламент сайлауына өз кандидаттарын елде еркін ақпарат құралдары пайда болған жағдайда және дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімі қайта жасалғанда ғана ұсынатынын айтады. Басқарушы коалиция мен социал-демократтар бұл мәселе бойынша Еуропа Одағының кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Ханның 16 қаңтардағы Скопьеге сапары кезінде де келісе алмаған.

Македониядағы саяси дағдарыс оппозиция Груевский үкіметін 20 мың азаматтың телефон әңгімелерін заңсыз тыңдады деп айыпталған соң басталған. Мұның алдында МСДО партиясының жетекшісі Зоран Заевке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG