Accessibility links

АҚШ-та қарлы боран салдарынан қаза болғандар саны өсті


Қарлы боранда көшеде келе жатқан әйел. Вашингтон, АҚШ, 23 қаңтар 2016 жыл.

Батыс ақпарат агенттіктері АҚШ-тың шығыс жағалауында қалың жауған қар салдарынан кемінде 18 адам құрбан болғаны, көпшілігі қарлы боранда жол-көлік оқиғасына түсіп, қазаға ұшырағаны туралы хабарлады. Америкалық CNN телеарнасы мерт болғандар саны он төрт адам дейді.

Ауа райының бұзылуына байланысты АҚШ-тың он бір штатында төтенше жағдай жарияланған. Вашингтон, Нью-Йорк және Филадельфиямен көлік қатынасы бұзылған. Ондаған мың тұрғын үй электр қуатынсыз қалған.

Вашингтонда жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жеткен. Қала метросы дүйсенбіге дейін жұмысын тоқтатқан. Сенбі күні Нью-Йоркке де қалың қар түскен.

Теңізде тұрған қатты желден Нью-Джерси мен Делавэрде біраз жерді су басқан.

Синоптиктер ауа райы жексенбіде қайта орныға бастайды деген болжам айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG