Accessibility links

Даун синдромына шалдыққандар қолөнері

21 наурыз - Даун синдромы бар адамдарға арналған күн. Арнайы күннің мақсаты – Даун синдромы жайлы қоғамды мейлінше көбірек хабардар етіп, дерті бар жандардың қоғамға сіңісіп кетуіне жағдай жасау. Атаулы күн қарсаңында Алматыда 22 жастағы Ольга Шлапак және 17 жастағы Ален Наурызбаевтың жеке көрмесі өтті. Даун диагнозы қойылған Ален мен Ольга мошақпен кесту тігу өнерін меңгерген. Олардың қолынан шыққан шығармаларды көруге шамамен жиырмаға жуық адам жиналды. Азаттық осы шарадан фотогалерея ұсынады. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG