Accessibility links

Ақтауда полицейлер бір-біріне оқ атқан


Ақтау полицейлері. Көрнекі сурет
Ақтау полицейлері. Көрнекі сурет

Бейресми дерек көзінің Азаттыққа хабарлауынша, дүйсенбі күні Ақтауда СОБР мен Жол-көлік патруль жасағы арасында "келіспеушілік болып", оның соңы атысқа ұласқан. "Нұрболат есімді полиция қызметкеріне тиген оқ жүрек тұсын жарып өткен. Ертең оны жерлейді" деп хабарлады дерек көзі.

Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Азаттыққа оқиғаның болғанын растады. Департамент өкілі: "2 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де ауысымнан соң табельдік қаруды тапсыру кезінде Маңғыстау облыстық ІІД əкімшілік басқармасының СОБР инспекторы қабылдау бөлмесінде байқаусызда оқ атып алды. Аталған бөлімшенің екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Біреуі көз жұмды. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс бірыңғай реестрде тіркелген" деп мәлімдеді.

Облыстық ІІД оқ атты деген күдікке қалған және оқ тиіп өлген полицейлердің аты-жөндерін әзір жарияламай отыр.

XS
SM
MD
LG