Accessibility links

Алматыдағы «Музейдегі түн» шарасы

Мамырдың 18-і күні және 19-ына қараған түні Алматыдағы екі ірі мәдениет орны – орталық мемлекеттік музей және мемлекеттік өнер мұражайында кәсіби мереке – халықаралық музей күніне арнап «Музейдегі түн» акциясы өтті. Мұндай шаралар осы күні әлемнің көптеген елдерінде өткен. Алматыда алғаш рет «Музейдегі түн» акциясы 2006 жылы Қазақстан орталық мемлекеттік музейінде ұйымдастырылған. Кейін акцияға басқа музейлер де қосылды. Он жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан шараға мыңдаған адам келген. Бұл күні екі музей де келушілерге тегін қызмет көрсетті. Шараға келген қонақтар музейдегі заттармен танысып, шеберлік сабақтарына қатысты, сонымен бірге интерактивті жобалар мен концертті тамашалады.

XS
SM
MD
LG