Accessibility links

Археолог Бекмұханбет Нұрмұқанбетовті жерледі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік мұражайында 12 маусым күні 82 жасқа қараған шағында дүниеден өткен археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің жаназасы шығарылды. Марқұмды Есік қаласының іргесіндегі Рахат ауылына жерледі.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1969 жылы ғылыми жетекшісі, археолог Кемел Ақышевпен бірге Есік қаласы маңынан біздің заманымызға дейінгі 5-6-ғасырларға тиесілі сақ қорғанынан алтын киімді адамның мүрдесін, 4 мыңдай алтын бұйымдар тапқан.

XS
SM
MD
LG