Accessibility links

1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Негізінен Жетісу, Торғай өңірлерінде өткен көтерілісті басып-жаншу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберген. Ұлт-азаттық көтерілісі 1917 жылы ІІ Николай патша тақтан құлағанға дейін жалғасқан.

Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.

XS
SM
MD
LG