Accessibility links

Алматыда білім саласындағы реформаларды талқылап жатыр


Білім саласындағы реформаларға қатысты қоғамдық талқылауға жиналғандар. Алматы, 28 маусым 2016 жыл.
Білім саласындағы реформаларға қатысты қоғамдық талқылауға жиналғандар. Алматы, 28 маусым 2016 жыл.

Алматыда бүгін "Астана Интерконтиненталь" қонақүйінде білім реформасы, үш тілділік саясатына қатысты қоғмдық талқылау өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Болатхан Тайжан қоры мен "Жас Алаш" басылымы ұйымдастырған талқылауға қоғам белсенділері, саясаткерлер, жазушылар, білім және ғылым министрлігінің орта мектепте білім беру бойынша саласының өкілдері, Алматы қалалық әкімдігінің, Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы, журналистер - жиыны жүзден астам адам жиналған.

Талқылауда білім саласындағы соңғы реформалар, оның ішінде мектептерде үш тілде оқыту жүйесінің енгізілу мәселесі талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG