Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 тамызда Сочиде Ресей президенті Владимир Путимен кездеседі деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ресми мәлімет бойынша, кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің бірқатар сала бойынша ынтымақтастығы және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланбақ.
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет Владимир Путинмен 17 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форум аясында кездескен.