Accessibility links

Полицейге "зәр шашқан" адам шартты мерзімге сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жезқазған қалалық соты жергілікті тұрғын Қайрат Елубаевты полиция қызметкерін қорлағаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеп, 200 айлық есептік көрсеткіш (424 мың 200 теңге) көлемінде айыппұл салды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 30 жастағы Қайрат Елубаев "билік өкілін қорлау", "билік өкіліне бағынбау", "билік өкіліне қатысты күш қолдану" және "бұзақылық" айыптары бойынша сотқа тартылған.

Сотталушы полицияға қорлық көрсетті деген оқиға 2015 жылы желтоқсанда болған. Сот материалдары бойынша, 21 жастағы полиция сержанты Төлеген Игібеков жол-патруль полициясы экипажының құрамында Қайрат Елубаев жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері Елубаевты ішімдік ішкен, я ішпегенін анықтау үшін наркологиялық диспансерге апарған. Сараптама нәтижелерімен келіспеген Елубаев зәрін сараптамадан өткізуді талап еткен. Дәретханадан шыққан ол сараптамаға жасатуға алған зәрін Игібековтың бетіне шашып жіберген. Бұдан соң Игібеков Елубаевтың бетінен шапалақпен салып жіберген.

Биыл сәуірде Жезқазған қалалық соты Игібековті бес жылға соттап, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен еді. Бірақ кейін бас бостандығынан айыру жазасы шартты жазаға өзгертілді.

XS
SM
MD
LG