Accessibility links

Шведова US Open жарысының 4-кезеңіне шықты


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 52-ракеткасы Ярослава Шведова АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің төртінші айналымына шықты. Ол үшінші кезеңде қытайлық Чжан Шуайды (рейтингте 51-орын) 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Шведова алғашқы екі кездесуде Лара Арруабаррена-Весино (Испания) мен Ван Цяннан (Қытай) басым түскен. Қазақстан теннисшісі төртінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямспен (АҚШ) кездеседі.

Шведова биыл Лондонда өткен Wimbledon жарысының ширек финалына дейін жетіп, осы кезеңде Винус Уильямстан (АҚШ) жеңілген.

US Open мен Wimbledon теннистен өтетін ең ірі Grand Slam жарыстарының қатарына енеді.

XS
SM
MD
LG