Accessibility links

АҚШ пен ЕО Киевте телеарнаға шабуылды айыптады


Киевтегі "Интер" телеарнасының ғимараты.
Киевтегі "Интер" телеарнасының ғимараты.

АҚШ пен Еуропа Одағы елдерінің биліктері Киевтегі ресейшіл телеарнаның өртелгенін айыптап, мұндай әрекетті "дұрыс емес" деп атады. "БАҚ-қа кез-келген шабуыл - қабылданбайды" деп мәлімдеді АҚШ-тың Киевтегі елшілігі Twitter-де.

4 қыркүйек - жексенбі күні "Интер" телеарнасының штаб-пәтерінде болған өрттен бес қызметкер зардап шеккен. "Біз "Интерді" өртеу оқиғасын тергеуді қолдаймыз және оның нәтижелерін мұқият бақылаймыз" деп мәлімдеді америкалық консул.

Украина билігі өртке қатысты алты күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, өрт телеарна ғимаратына тұтанғыш заты бар құты лақтырған соң шыққан.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) телеарнаға шабуылды қатаң айыптады. ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович "редакция саясатымен келіспеу тіпті оның хабар тарату сипаты арандатушылық және жалған деп қарастырылса да зорлық әрекеттерін істеуді ақтай алмайтынын" мәлімдеді.

Миятович украин күштік құрылымдарының жедел реакция білдіріп, Украниа президенті Петр Порошенконың Украина журналистер одағының шабуылды айыптау қуантқанын айтты. Дегенмен ол Киевтегі биліктің өзге өкілдері мен жергілікті топтар телеарнаны Украинаға адал емес деп, журналистерінің қызметін тоқтатуына күш салып жүргенін білдірді.

XS
SM
MD
LG