Accessibility links

ІІМ: Пәтерде уақытша тұратындарды тіркеуге алу керек


Рашид Жақыпов, Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары.
Рашид Жақыпов, Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары.

Қазақстанда бөтеннің пәтерінде жалға немесе уақытша тұратын азаматтарды тіркеуге тұруды міндеттеу туралы ереже енгізілуі мүмкін. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы мәжілісте терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Рашид айтты.

Жақыповтың сөзіне қарағанда, заң жобасы қабылданса, пәтерін уақытша тұруға берген азаматтар пәтерінде тұратындарды он күн ішінде жергілікті органдарға тіркетуі тиіс болады. Тіркеуге тұрғызбаған жағдайда пәтер иесіне әкімшілік айыппұл салу көзделген.

Ұлттық ауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі бұған дейін Ақтөбеде маусым айында болған шабуылдардан соң Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы шараларды күшейтуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG