Accessibility links

Мәскеуде саябаққа Ислам Каримовтың аты берілді


Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі, Мәскеу (Көрнекі сурет).
Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Мәскеу билігі Якиманка ауданындағы саябаққа Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің атын беруге шешім қабылдады. Каримов атындағы саябақ Большая Полянка көшесі мен 1-Казачьи тұйық көшесінің қиылысында - Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі жанында орналасқан.

Мәскеу мэриясы бұған дейін Ресей мен Өзбекстандағы ғылым, саясат және өнер қайраткерлері бұл саябаққа Каримовтың атын беруді сұрағанын мәлімдеген. 1 қазанда Мәскеу мэриясының президиумында сөйлеген қала мэрі Сергей Собянин "Ресей президентінің Ислам Каримовты мәңгі есте сақтау туралы тапсырмасына сай" саябақты Өзбекстанның тұңғыш президенті атымен атау ұсынылғанын айты.

Өзбекстанды 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Каримов 79 жасында қайтыс болды. Оның өлімі туралы алғашқы хабар 2016 жылы 29 тамызда шықты. Каримовтың қайтыс болғаны туралы ресми түрде 2 қыркүйекте хабарланды.

Ресей президенті Владимир Путин Ислам Каримовтың қазасына көңіл айтуға Самарқанға 6 қыркүйек - марқұмды жерлегеннен үш күннен соң барған. Каримовты жерлеу рәсіміне Ресей билігі атынан премьер-министр Дмитрий Медведев барған.

XS
SM
MD
LG