Accessibility links

ҰОК: Қазақстандық 3 спортшы олимпиада медалін қайтарады


Мария Грабовецкая.
Мария Грабовецкая.

Ауыр атлетикадан Пекин олимпиадасында күміс медаль алған Ирина Некрасова, қола жүлдегер Мария Грабовецкая мен грек-рим күресінен қола иеленген Әсет Мәмбетов сол медальдарын қайтарып береді деп ​мәлімдеді Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК).

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) олардың Пекин олимпиадасындағы допинг сынамасын қайта тексергенде оң нәтиже шыққан. ХОК Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне спортшылардың медальдарынан айырылғаны туралы ресми жіберген.

ХОК жіберген хатта Пекин олимпиадасына қатысқан Владимир Седовтың, Лондон ойындарына барған Алмас Өтешовтың да нәтижелері жойылғаны айтылған. Екі ауыр атлет те допинг қолданды деп айыпталған.

Осыған дейін ХОК Лондонда алтын алған Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедованы допинг қолданды деп айыптап, нәтижелерін жойған.

XS
SM
MD
LG