Accessibility links

Психиатр: Тұрғындардың 1,8 дейінгі пайызы психикалық мекемелерде тіркеуде тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда түрлі мәлімет бойынша шамамен 200 мың адам (халық санының 1,2 пайыздан 1,8 пайызға дейінгі көрсеткіш) психиатрлық мекемелерде есепте тұрады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан адамдардың мәселелеріне арналған форумда психиатр Қарлығаш Бекқұлова айтты.

"Рух" қоғамдық бірлестігі мен "Сорос-Қазақстан қоры" ұйымдастырған форумда Қарлығаш Бекқұлованың айтуынша, әр 100 мың адамның шамамен 448-іне "ақыл-ойы дамымаған" деген диагноз қойылған. Ол ақыл-ойында ауытқушылығы, кемшілігі бар адамдардың көпшілігінің біліктілікті талап етпейтін қарапайым жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті емес, күрделі жұмыс түрлерін үйренуге де шамалары жететінін айтады.

Мамандар ақыл-ой қызметінің бұзылуымен байланысты ауру түрлеріне дамудың бұзылуы, жадының жоғалуы, психологиялық ауруларды жатқызады.

"Рух" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алма Бекпан қоғамды ұзақ уақыт бойы ақыл-есінің ауытқушылығы бар адамдардың ешнәрсеге қабілеті жоқ дегенге сендіріп келгенін, мұндай науқастардың дербес болу мүмкіндігінен айырылғанын және сырттан таңылған заңдармен өмір сүруге мәжбүр болғанын айтты. Оның пікірінше, қазір мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға бөліп отырғна қаржысы олардың сапалы және толыққанды өмір сүруіне жағдай жасамай, көбінесе "құмға сіңген судпй" болады.

XS
SM
MD
LG