Accessibility links

Беларусьте "Донбаста соғысқан" күдіктілерге тергеу басталды


Донецк облысындағы ресейшіл сепаратист, Украина.
Донецк облысындағы ресейшіл сепаратист, Украина.

Беларусь билігі Украина шығысында әскери іс-қимылдарға қатысты деген күдікке ілінген он азаматқа қатысты тергеу бастады. Беларусь сыртқы істер министрі Игорь Шуневичтің 13 желтоқсанда журналистерге айтуына қарағанда, күдіктілер жалдамалылар ретінде ресейшіл сепаратистер жағында да, үкімет күштері жағында да соғысқан болуы мүмкін. Украинаның шығысындағы Луганск мен Донецк облыстарында 2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстан 9700-ден астам адам қаза тапты.

Тергеу басталғаны туралы хабарланғаннан бір күн бұрын Беларусьте неонацистер болуы мүмкін деген күдікті бір топ адамның үстінен сот басталды. Оларға этникалық жаулықты өршітті деген айып тағылған. Сотталушылар арасында Украинада сепаратистерге қарсы соғысты делінген Станислав Гончаров та бар. Кейбір мәлімет бойынша, Украина шығысындағы соғысқа постсоветтік елдерден шыққан біраз ерікті мен жалдамалы қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG