Accessibility links

Қырғызстанда шахтадағы апат салдарынан екі адам қаза болды


Шахтада жұмыс істеп жатқан кенші. (Көрнекі сурет.)
Шахтада жұмыс істеп жатқан кенші. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Тас-Көмір қаласы маңындағы көмір өндіретін шахтада бүгін болған апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, апат жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.05 кезінде болған. Шахтада кен қабаты құлап, төрт адамды басып қалған. Құтқарушылар бір адамды аман-есен алып шыққан, екі адамның жансыз денесі табылған. Тағы бір кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарланды.

Апат болған кеніш Ферғана алабының солтүстік-шығысы бөлігінде орналасқан. Тас-Көмір кенішін Үшқорған станциясымен жалғайтын 45 шақырымдық темір жол бар.

XS
SM
MD
LG