Accessibility links

Сенат дактилоскопия туралы заң жобасын мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында азаматтардан жеке басын куәландыратын құжаттар рәсімдеген кезде саусақ таңбасын алу қарастырылған.

Құжат бойынша, саусақ таңбасы паспорт, төлқұжат рәсімдеу кезінде алынады. 12-16 жас аралығындағы балалар құжат алатын кезде дактилоскопиялық тіркеуден ата-анасының рұқсатымен ғана өтеді. Бұған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов дактилоскопиялық тіркеуден Қазақстанға кіруге виза алатын шетелдіктер, оның ішінде заң бұзып, елден шығарылатындар да өтетінін айтқан. Саусақ таңбасы сонымен қатар босқындардан, еңбек мигранттары мен Қазақстанда тұруға рұқсат бар шетелдіктен де алынбақ. Министр дактилоскопиялық және геномдық мәліметтер ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында электрондық түрде сақталады деген.

Заң жобасында азаматтар дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда айыппұл салу қарастырылған. Ал дактилоскопиядан бас тартқан шетелдіктер депортацияланбақ. Дактилоскопиядан бас тартқан қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжат ала алмайды.

Заң жобасын 2018 жылдан бастап іске асыру үшін 36,8 миллиард теңге (100 миллион доллардан астам) қажет.

XS
SM
MD
LG