Accessibility links

ИМ екі түрік солдатын өртегені туралы видео жариялады


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы.
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы екі түрік солдатын өртегені туралы видео жариялады. Бұған дейін Сирияның Түркиямен шекаралас аймағындағы әл-Баб қаласында түрік әскері мен ИМ арасында қақтығыс басталған.

Америкалық SITE барлау тобының мәлімдеуінше, видео 22 желтоқсанда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының әлеуметтік желідегі парақшаласында жарияланды. Бұл видео тарағаннан кейін Түркияда әлеуметтік желілер бұғатталған. Видеода ИМ содырлары екі солдатты тірідей өртеп жібергені көрсетілген.

Қарашада Түркия Сирияда жүрген екі солдаттың жоғалып кеткенін хабарлаған. Түркия биыл тамызда Сирияда жер үсті операциясын бастаған. Анкара әл-Баб қаласын содырлардан босатып, өз бақылауын орнатуды көздейді.

XS
SM
MD
LG