Accessibility links

Ресейдің Ту-154 ұшағы жоғалып кеткен


Ту-154 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ту-154 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Бүгін таңертең Ресейдің Сочи қаласындағы аэродромнан Мәскеу уақытымен сағат 05.20-да ұшып шыққан Ту-154 ұшағы 20 минуттан соң радардан жоғалып кеткен.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақта 92 адам болған. Олардың арасында ресейлік Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері және ресейлік бірнеше журналист бар.

ТАСС агенттігінің аймақтық төтенше қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирияның Латакия қаласына ұшып шыққан ұшақ Қара теңіз аймағында хабарсыз кеткен.

XS
SM
MD
LG