Accessibility links

"Путинді сынаған" ақтөбелік азаматтың сотталғаны хабарланды


Ақтөбедегі сот процестерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе қаласының тұрғыны Санат Досов әлеуметтік желідегі парағында Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола "алауыздық тудырды" деп айыпталып, үш жылға сотталды деп хабарлады қазақстандық Ratel.kz сайты.

Санат Досов 2014 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың наурызы аралығында жазған жазбаларында Ресей президентін "елді қиратты" деп айыптап, оның саясатын және Кремльдің Шығыс Украинадағы әрекетін сынаған.

Сотта айыбын мойындаған азамат төртеуі кәмелетке толмаған алты баласы бар екенін айтып, өзін соттамауды сұраған.

Сотталушының адвокаты үкіммен келіспейтіндерін, апелляциялық шағым беретіндерін айтқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG