Accessibility links

Ресейде тәжік азаматы "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысты күдікке ілінді


Санкт Петербург полициясы (Көрнекі сурет).
Санкт Петербург полициясы (Көрнекі сурет).

Ресейде Тәжікстан азаматы Фарход Нурматовқа елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының бөлімін құрмақ болды деген күдікке ілінді. Фарход Нурматов қылмыстық істе әуелі куәгер ретінде тартылған еді, бірақ кейін Ресейде аталған діни ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінген.

Нурматов 18 қаңтарда ұсталып, кеше оны Санкт-Петербургтің Кировский аудандық соты 17 наурызға дейін қамауға санкция шығарған.

Санкт-Петербург соты өткен жылы "Хизб ут-Тахрир" ұйымының елдегі бөлімінің жетекшісі деген адамды "террористік ұйым қызметін жүргізді" деген айыппен 12 жылға соттаған.

"Хизб ут-Тахрир" ұйымына Қазақстанда да тыйым салынған. Бұл ұйымның өкілдері барлық елдің мұсылмандарын ислам халифатына біріктіруді мақсатымыз деп санайды.

XS
SM
MD
LG