Accessibility links

Ресейдегілер Трампқа неге өкпелі?


Ресейдегілер Трампқа неге өкпелі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Ресей мемлекеттік думасы спикері Вячеслав Володин АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсердің Қырым туралы айтқандарын "сайлау алдындағы уәдені бұзу" деп бағалады. Трамп Twitter әлеуметтік желісінде "Обама билігі тұсында Ресейдің Қырымды басып алғаны" туралы жазған. Спайсер "Трамп Ресейге аннексиялап алған Қырымды қайтарып, Шығыс Украинадағы сепаратистерді қолдаудан бас тартуы тиіс екенін айқын білдірді" деп мәлімдеген. Сайлау алдындағы науқан кезінде Трамп Қырым мәселесі және Ресеймен қарым-қатынас туралы айтқанымен, Кремльге жария түрде ешқандай уәде берген емес. "Осы шақ" бағдарламасының [орысша] видеосы.

XS
SM
MD
LG