Accessibility links

Samsung компаниясы вице-президенті тұтқындалды


Журналистер Samsung компаниясы вице-президенті Ли Чжэ Енге (ортада) сұрақ қойып тұр. Сеул, 13 ақпан 2017 жыл.

Оңтүстік Корея соты Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжи Енді «36 миллион доллардан аса қаржыны жымқыруға және пара беруге» күдікті ретінде тұтқындаған. Бұл туралы сол елдегі Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады.

Тергеу болжамы бойынша, Ли Чжи Ен үлкен сомадағы қаржыны Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сун Силь басқаратын қорға аударған. Сол үшін Чхве Сун Силь оған ірі мәмілелер ұйымдастыруға жәрдем көрсеткен дейді тергеушілер.

Ли Чжи Ен былтыр желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялауға себеп болған коррупциялық жанжал тұсында тұтқындалды. Мемлекет басшысының құрбысы жағдайын теріс мақсатқа пайдаланып, Оңтүстік Корея корпорацияларын бақылауындағы қорларға миллиондаған доллар қаржы аударуға мәжбүрлеген деген айыппен тергеліп жатыр. Тергеушілер президент Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сун Сильдің коррупциялық іс-әрекеті туралы хабардар болған деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG