Accessibility links

Гитлердің телефоны аукционда сатылды


Адольф Гитлер.
Адольф Гитлер.

Адольф Гитлердің жеке телефоны аукционда 243 мың долларға сатылды. АҚШ-тың Мериленд штатындағы Alexander Historical Auctions аукцион үйі телефонды сатып алған адамның аты-жөнін жарияламады.

Берлиндегі бункерде тұрған телефонды 1945 жылы совет әскері Берлинді басып алған соң алып кеткен. Аукцион үйі телефонның кейін британ солдаты Ральф Райнерге берілгенін мәлімдеді. Оның ұлы телефонды сатуға қойған. Кейбір ақпар бойынша, Гитлер ол телефонды Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы екі жылында қолданып, түрлі жарлықтарын сол арқылы берген. Аппаратты Берлиндегі Siemens компаниясы жасап шығарған. Аппаратқа Гитлердің аты, свастика мен Үшінші рейхтің символы - қыранның бейнесі ойып жазылған.

XS
SM
MD
LG