Accessibility links

АҚШ "Нусра майданы" тобының екі жетекшісіне санкция салды


Сириядағы "Фатех әл-Шам майданы" (бұрынғы "Нусра майданы") тобының содырлары (Көрнекі сурет).
Сириядағы "Фатех әл-Шам майданы" (бұрынғы "Нусра майданы") тобының содырлары (Көрнекі сурет).

АҚШ "Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі "Нусра майданы" тобының жоғары шенді екі жетекшісі - Ияд Назми Салих Халил мен Бассам Ахмад әл-Хасриге санкция салды.

АҚШ қаржы миинстрлігінің 23 ақпанда хабарлауынша, Салих Халил - "Нусра майданы" тобының лауазымдық деңгейі жағынан үшінші адамы және топтың Сирия жағалауындағы әмірі.

Халил сонымен қатар қастандық жасауға жауаптылардың үстінен қараған және түрмедегі азаптауларды да жасаған дейді қаржы министрігі.

Бассам Ахмад әл-Хасри ұзақ уақыттан бері "Нусра майданы" мен "Әл-Қаида" арасын байланыстырып келеді әрі топтың Даръа қаласындағы әмірі.

Қаржы миинстрлігінің шетел активтері кеңсесінің директоры Джон Смиттің топтың екі жетекшісі содырлар операцияларына бақылау жасап, стратегиясын дамытып отырғанын айтады.

Бұған дейін БҰҰ "Нусра майданының" бұл екі жетекшісіне активтерін бұғаулап, шетелдерге саяхаттауының жолын кесу түрінде санкциялар салған.

"Нусрай майданы" тобы өткен жылы атауын "Фатех әл-Шам майданы" деп өзгертіп, "Әл-Қаида" ұйымымен байланысын үзгенін жариялаған. Бірақ қаржы министрлігі "Нусра майданы" тобының өзгерген атауын мойындамайды.

XS
SM
MD
LG