Accessibility links

Ирандық "Коммивояжер" фильмі "Оскар" жүлдесін иеленді


Америка киноакадемиясының "Оскар" жүлдесін жеңіп алған "Коммивояжер" фильмінің режиссері Асгар Фархадидің келге инженер, Ираннан шыққан америкалық Ануш Ансариге (ортада) табысталып тұр. 26 ақпан 2017 жыл, Голливуд, Лос-Анджелес.
Америка киноакадемиясының "Оскар" жүлдесін жеңіп алған "Коммивояжер" фильмінің режиссері Асгар Фархадидің келге инженер, Ираннан шыққан америкалық Ануш Ансариге (ортада) табысталып тұр. 26 ақпан 2017 жыл, Голливуд, Лос-Анджелес.

Ирандық белгілі режиссер Асгар Фаргадидің "Коммивояжер" фильмі Америка киноакадемиясының "Оскар" жүлдесін "ең үздік шетел тіліндегі фильм" номинациясы бойынша жеңіп алды.

Фархадидің өзі АҚШ президенті Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын жеті елдің, оның ішінде Иран азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлығына қарсылық ретінде 26 ақпанда болған "Оскар" жүлдесін табыстау салтанатына барудан бас тартты. Жарлықтың күшін қазір АҚШ соты тоқтатып қойған.

Жүлде иегерлерін марапаттау салтанатында Фархадидің атынан оқылған мәлімдемеде режиссер "АҚШ-қа иммигранттардың кіруіне тыйым салатын адамшылыққа жат заң арқылы құрметтен айырылған өз елім мен өзге алты елдің азаматтарына деген құрметпен" марапаттауға қатысуға байкот жариялайтынын айтады.

"Әлемді "біз" және "біздің жауларымыз" деген категорияларға бөлу үрей, агррессия үшін жалған ақталу мен соғысты тудырады"делінген мәлімдемеде.

Трамптың иммиграцияны шектеу жарлығын АҚШ федералдық соты тоқтатып тастаған. Трамп өзінің командасы иммиграцияны шектеуге қатысты жаңа шараларды дайындап жатқанын және оларды жақын арада жариялайтынын мәлімдеген.

"Коммивояжер" фильмі Тегеранда әйеліне үйінде шабуыл жасалған соң оңалуға талпынған ерлі-зайыптылар туралы фильм.

Фархади "Надер мен Симиннің ажырасуы" деп аталатын фильмі 2012 жылы "Ең үздік шетел фильмі" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін алған.

XS
SM
MD
LG