Accessibility links

Путин Қазақстан сенатының спикерін марапаттады


Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат спикері.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат спикері.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік "Құрмет" оренімен марапаттады. Путиннің Тоқаевты марапаттау туралы жарлығы бүгін құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды. Жарлықта сонымен қатар Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Марат Шайхутдиновты "Достық" орденімен марапатталғаны айтылған.

Тоқаев пен Шайхутдиновке бұл наградалар "Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін" берілген.

Путин сонымен қатар шетелдік бірқатар қайраткерді, соның ішінде Любляна мэрі Зоран Янковичті, "Астана Опера" опера және балет театрының опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахноны да марапаттады.

XS
SM
MD
LG