Accessibility links

Қарағандыда әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатылмақ


Музыкант Виктор Цойды бейнелеген граффити салып жатқан адам. Санкт-Петербург, Ресей. (Көрнекі сурет.)

Қарағанды қаласының билігі совет заманындағы танымал рок-музыкант Виктор Цойға ескерткіш орнатылатыны туралы жариялады деп хабарлады бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ескерткіш тұрғызу жоспары жайлы Қарағанды билігінің қоғамдық қорлардың бірімен бірге қол қойған меморандумға байланысты мәлімдеген. Меморандумда Олимпиада көшесіндегі скверді абаттандыру жобасын жүзеге асыру қарастырылған.

«Бұл жобаның қорытынды бөлігінде белгілі әнші, музыкант, актер Виктор Цойға ескерткіш орнатылады» делінген Қарағанды әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратында.

Жоба құны қанша тұратыны сәуір айында жария етілмекші.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG