Accessibility links

Мәскеу соты Навальныйге қарсылық шерулеріне қатысты айыппұл салды


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный Мәскеудің Тверь аудандық сотында. 27 наурыз 2017 жыл.

Мәскеудің Тверь аудандық соты оппозиционер, Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальныйге Мәскеудің орталығында акция ұйымдастырды деп айыптап, 20 мың рубль (шамамен 350 АҚш доллары) айып салды. Бұл туралы оппозиционердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады. Навальныйге сонымен қатар полиция қызметкерінің талабына бағынбады деген де айып тағылған. Сот бұл іс бойынша шешімін жариялап жатыр.

Алексей Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова Навальныйге азаматтардың қоғамдық орынға бір уақытта жаппай жиналуын ұйымдастырып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкеліп соқтырды деген айыпты заңсыз тағып отыр деп мәлімдеді. Ол аталған бап ол бойынша әкімшілік қамауға алу қарастырылғандықтан қолданылып отыр деп санайды.

Михайлова Навальныйды сот залынан босатуды талап етті. Оппозиционердің өзі соттан Коррупциямен күрес қоры коррупцияға қатысы бар деп айыптаған премьер-министр Дмитрий Медведевтен жауап алуды сұрады. Навальный Медведевті "шерудің нағыз ұйымдастырушысы" деп атады. Сот айыпталушы жақтың барлық талап-тілегін қабылдамады.

Навальныйды полиция 26 наурызда Мәскеудің орталығындағы Тверь көшесінің билік рұқсат етпеген коррупцияға қарсы шерулер басталғанға дейін ұстап әкеткен. Сол күні Коррупциямен күрес қорының кеңсесі тінтіліп, қор кеңсесі тінтілген.

Ресейде антикоррупциялық митингілер 26 наурызда өткен. Наразылық акциялары Коррупциямен күрес қорының премьер-министр Дмитрий Медведевтің тіркелмеген жылжымайтын мүлкі бары туралы зерттеуімен байланысты. Көптеген қалаларда акция өткізуге рұқсат берілген жоқ. Мәскеудегі акцияда полиция мыңнан астам адамды, оның ішінде Алексей Навальныйды ұстаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG