Accessibility links

Петропавл іргесінде су тасқынынан жүзден астам адам эвакуацияланды


Петропавл қаласының Заречный кентіне кіреберістегі Челябинск - Новосибирск жолының су басқан бөлігі. Петропавл, 24 сәуір 2017 жыл.
Петропавл қаласының Заречный кентіне кіреберістегі Челябинск - Новосибирск жолының су басқан бөлігі. Петропавл, 24 сәуір 2017 жыл.

Петропавл қаласындағы Заречный кентінінің кіре берісіндегі М-51 Челябинск - Новосибирск республикалық автожолының 528-529 километрі аралығындағы жолды екі рет тасқын су басты. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көлік қозғалысына тыйым салынып, ескерту жол белгілері қойылған. Жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен құралған тәуліктік кезекшілік қойылды. Алғашқы тасқынның ұзындығы (528-километрі) 200 метрді құрайды, тереңдігі 90 сантиметр. Екінші тасқынның ұзындығы (529-километрі) 400 метр, тереңдігі 60 см.

Заречный кентінде 118 адам эвакуацияланып, көршілері мен туысқандарының үйіне жайғастырылып, қолдағы мал басқа жаққа әкетілді. Былғары зауыты ауданынан 23 бас ірі қара мал, 20 бас ұсақ мал, Заречныйдан бір бас жылқы шығарылды.

Қызылжар ауданы Боголюбово ауылында жеті ауланы, Надежка ауылында бір ауланы су басып, 10 адам эвакуацияланды. Бұл екі ауыл және Вишневка мен Бескөл ауылдарынан ондаған бас ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге әкетілді. Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына жақын жергілікті жолды да тасқын су басты. Тасқын су ұзындығы 500 метр, тереңдігі 40 см. Автокөлік қозғалысына тыйым салынды.

Петропавл қаласы Хромзавод кентінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 50 метр болатын бөгет салынып жатыр.

XS
SM
MD
LG