Accessibility links

Алматыда Қырым татарлары депортациясын еске алды

Мамырдың 18-і күні Алматыда Қырым татарларының "Ватандаш" мәдени орталығында депортация құрбандарын еске алу шарасы өтті. Осыдан 73 жыл бұрын, 1944 жылы совет диктаторы Иосиф Сталиннің бұйрығы бойынша 180 мыңнан аса Қырым татарлары өз атамекені – Қырым түбегінен мәжбүрлі түрде жер аударылған. Билік салған тыйымға байланысты олар ондаған жылдар бойы Қырымға кіре алмады. Төл тарихындағы қасіретті кезеңді Алматыда еске алған қырым татарлары диаспорасы 2014 жылы Ресей аннексиялап алған соң түбекте қазаға ұшырап, хабар-ошарсыз жоғалып, түрмеге қамалып жатқан қандастарының басындағы қазіргі жағдайды қозғамайды. Ресей билігі Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы – Межлисті заңсыз ұйымға жатқызған.

XS
SM
MD
LG