Accessibility links

Қайрат Рысқұлбековке ату жазасын кескеніне 30 жыл толды

1987 жылғы маусымның 16-ы күні Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт адамға сот үкімі шықты.

1987 жылғы маусымның 16-ы күні Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт адамға сот үкімі жарияланды. Сот Ертай Көпесбаевты 4 жылға, Түгелбай Тәшенов пен Қайыргелді Күзембаевты - 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековке өлім жазасы тағайындалды. Кейін сот оны 20 жыл түрме жазасына ауыстырды. Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырдың 21-і күні Семей түрмесінде жұмбақ жағдайда қазаға ұшырады.

XS
SM
MD
LG