Accessibility links

Киевте Украина президенті БҰҰ бас хатшысымен кездесті


Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) мен БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш. Киев, 9 шілде 2017 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) мен БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш. Киев, 9 шілде 2017 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинаның өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуы тиіс деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Киевте БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерришпен өткізген екіжақты кездесуден кейін бірлескен баспасөз брифингі кезінде мәлімдеген.

Порошенко жексенбідегі кездесу қазіргі кезде Украинаның алдында тұрған күрделі қатерлерді шешуге БҰҰ-ның бұдан да белсенді қатысу моделін табудың бастауы болатындығына сенім білдірген.

Укринформ сайтының хабарлауынша, кездесу барысында тараптар БҰҰ аясында ынтымақтастық жағдайы мен оны ары қарай жалғастыру болашағын, ұйымның Донбастағы жанжалды бейбіт реттеуге, сонымен бірге БҰҰ Бас Ассамблеясының Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіне қатысты шешімдерін орындауға белсенді қатысу мүмкіндіктерін талқылаған.

XS
SM
MD
LG