Accessibility links

Теміржол "тербеген" Сауран

Бүгінде саз қабырғалары құлап, кейбір тұстары ғана қалқиып қалған Қазақстандағы ежелгі қалалардың бірі Сауран қамалының атауы деректерде 10 ғасырдан бастап ұшырасады. Кейбір деректерде 14 ғасырда Ақ Орда мемлекетінің астанасы болғаны айтылады. Қазір Сауран қамалының ішкі бөлігінің кейбір тұсына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қорған қабырғасы консервацияланып қойылған. Жеті қорғаныс мұнарасы болған деп есептелетін қамалдың ұзындығы 2360 метрге жетеді. Қамалдың солтүстік жақ бетінде сақталған мұнараларының биіктігі 6 метрге дейін жеткені айтылады. Қорған сыртында заманында қорғаныс үшін қазылған ордың орны байқалады.
Сауран Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының шекарасында, Түркістан қаласынан 45 км жерде орналасқан. Қабырғаларының негізгі бөлігі мүжіліп құлап, кейбір тұстары тегіс болмаса да сақталған. Кезінде "Жібек жолы" бойындағы қалалардың бірі болған Сауран қамалының түбінен қазір халықаралық теміржол желісі және халықаралық Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы басып өтеді.

XS
SM
MD
LG