Accessibility links

Баянжүрек петроглифтері

Баянжүрек тауы Алматыдан 375 км шамасында Жоңғар Алатауы аумағында, Алматы - Өскемен күрежолының Қапал бұрылысынан 57 км қашықтықта орналасқан. Таудың батыс беткейіндегі шатқалдардың бірінде тасқа қашап салынған петроглифтер кездеседі.

Баянжүрек петроглифтері - Алматы облысындағы туристік орындардың бірі ретінде аталғанымен, жеткілікті инфрақұрылым жасалмаған ашық аспан астында, күзет-қоршаусыз, иен жатқан тарихи ескерткіш. Баянжүрек тауының ұзындығы 20 км. Ал тау қойнауындағы петроглифтердің орнын тауып бару оңай емес. Өйткені тарихи ескерткіш тұсына әрқандай бір нақты белгі қойылып, тура жеткізетін жол салынбаған. Ел ішінен жөн сұрасып қана петроглифтердің жатқан орнын табуға болады.

Баянжүрек петроглифтерінің ең көнесі 3 мың жыл бұрынғы энеолит дәуіріне тиесілі деп есептеледі. Ақсу ауданы, Алматы облысы. 3 қыркүйек, 2017 жыл.

XS
SM
MD
LG