Accessibility links

"Қапастағы өнер". Өмірлік түрме жазасына кесілгендердің суреттері мен хаттары

Анаға арнау өлеңдер, өмірдің мәні жайлы ойлар мен түрлі-түсті суреттер өмірінің ендігі қалған бөлігін қапаста өткізетіндердің қолынан шыққан... Астанадағы көрмеге сот үкімі бойынша өлім жазасы тағайындалған және өмір бойы бас бостандығынан айырылғандардың жұмыстары қойылды.

Қазақстан астанасында Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы айрықша тәртіптегі "Қара бүркіт" колониясында қамауда отырған тұтқындардың салған суреттері мен хаттарының көрмесі ашылды. Бұл түрмеде сот үкімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар мен өлім жазасы тағайындалғандар (Қазақстанда өлім жазасын орындауға мораторий жарияланған) қамауда отыр. "Қапастағы өнер" деп аталатын бұл көрмені Еуропа Одағының өкілдігі, "Халықаралық түрме реформасы" (PRI) ұйымы мен ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті ұйымдастырды. Көрме 10 қазан - өлім жазасына қарсы халықаралық күрес күніне орайластырылған.

XS
SM
MD
LG