Accessibility links

Вьетнамдағы саммитте Трамп пен Путин қол алысты


АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) пен Ресей президенті Владимир Путин бір-бірімен қол алысып тұр. Дананг, Вьетнам, 10 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) пен Ресей президенті Владимир Путин бір-бірімен қол алысып тұр. Дананг, Вьетнам, 10 қараша 2017 жыл.

Вьетнамда 10 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитіне қатысушылар топ болып суретке түсер кезде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин бір-бірімен амандасып, қол алысты. Екеуі қысқа уақыт қана жүздескен.

Трамп пен Путин Данангтегі саммит кезінде кездесе ме деген сауалға қатысты бұған дейін қарама-қайшы хабарлар тараған. Әлгі суретке түсерден бірнеше сағат бұрын Ақ үй өкілі АҚШ президентінің ресейлік әріптесімен ресми кездесуі жоспарланбағаны жайлы айтқан еді.

"Путинмен кездесу жайына келсек, екі тараптың кестесіндегі сәйкессіздіктерге байланысты кездесу өтпейді", - деген Ақ үй өкілі Сара Сандерс.

Оның алдында Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуін ұйымдастыруға талпыныс жасалып жатқаны туралы мәлімдеген болатын.

АҚШ прездиенті қызметіне кіріскелі бері Трамп Ресей президенті Путинмен тек бір рет – биыл шілде айында Германияда өткен G20 саммитінде кездескен.

XS
SM
MD
LG