Accessibility links

Путин: Сириядағы әскери операция таяуда аяқталады


Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Сирия президенті Башар Асадпен кездесуден соң. 20 қараша 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Сирия президенті Башар Асадпен кездесуден соң. 20 қараша 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад Сочиде өткен кездесуден соң Сирия территориясындағы террорлық топтарға қарсы бірлескен әскери операциясын аяқтауға жақын екенін мәлмдеді. Бұл мәлімдеменің Сирияда таяуда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларын елдегі негізгі бекінген территориялардан ығыстырып шығару операцияларына қатысы бары анық.

"Бұл әскери операция расымен аяқталып келе жатыр. Енді ең бастысы әрине, саяси процеске кірісу керек және сіздің бейбітшлік пен жағдайды дұрыстауды қалайтындармен жұмыс істесуге дайын екеніңізді білемін" деді Путин Асадқа қарата.

Асад Путинге терроршылармен соғыста қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, "дағдарысты саяси жолмен реттеуге" ендігі дайын екенін айтты.

Путиннің сөзінше, Асадпен кездескен соң ол Катар әмірімен, АҚШ президенті Дональд Трамппен және Таяу Шығыс елдерінің басшыларымен телефонмен сөйлеспек ойы бар. Путин Асадтан "түбінде сөзсіз БҰҰ басшылығымен іске асатын саяси процесті" қалай елестететінін сұрады. "Біз бұл процеске, әсіресе оның қорытынды бөлігіне БҰҰ белсенді қатысады деп ойлаймыз" деді Путин.

Сирияда 2011 жылдың көктемінде басталған азамат соғысынан БҰҰ мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG