Accessibility links

Сталиндік қырғын құрбандарының қазіргі бейнесі

Хасан Бахаевтың фотоколлажында советтік диктатор Иосиф Сталиннің билігі кезіндегі қызыл террордың құрбандары қазіргі заманғы адамдар бейнесінде суреттелген. Бахаев СССР аумағында жаппай қырып-жою саясатының жүргізілгеніне сонша көп уақыт өтпегенін, репрессиядан қаза тапқандардың біздің заманымызда өмір сүріп жатқан адамдардан еш айырмашылығы болмағанын айтады.

Бахаевтың жасаған фотоколлажы көргендерге қатты әсер етті. Әлем бойынша ондаған адам оған туыстарының фотоларын жолдап, ескі суреттердегі жансыз бейнелерді жаңғыртуын өтінді. "Бұл суреттерде осы адамдардың өмірінің ең қайғылы кезеңі қарсаңында – қырғын басталардың алдындағы бейнесі қалған. Оларды алдынан тозақ күтіп тұрған еді. Суреттерге қарап отырып олардың тағдыры қалай болғанын елестете аласыз. Бұл осы суреттерге ерекше қуат береді. Бұл жұмыс үлкен күш-жігер жұмсауды қажет етеді, бірақ мен оны доғара алмаймын" дейді автор.

Түгел оқыңыз

XS
SM
MD
LG