Accessibility links

Авдеевкадағы майдан шебі

Украинаның Донецк облысы Авдеевка елді мекені маңындағы үкімет әскерінің бақылауындағы бұрынғы өнеркәсіп аймағында қару дауысы толастамайды десе болады. Украиналық әскерилер мен Ресей қолдау танытатын сепаратистердің ұрыс позициялары бір-бірінен гранат тастам жерде орналасқан.

"Түн қалай өтті?" деп сұраған журналистерге Авдеевканы қорғап тұрған әскери бөлімшенің командирі: "Тыныш болды" деп жауап қатты. Оның сөзінше, ресейшіл сепаратистер тек атыс қаруы мен гранатометтен атқылайды. Атысты тоқтату туралы келісім орындалмай отырған аймақта бұл "әдеттегі" жағдай. Біраздан кейін алыстан бастырмалата оқ атқан пулеметтің дауысы естілді. Бұл да Авдеевка өнеркәсіп аймағында үйреншікті көрініске айналған. Авдеевкадағы жағдаймен танысқан Азаттық радиосы Украин қызметінің тілшілері түсірген суреттерден фотогалерея.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG