Accessibility links

Иранда наразылық акциялары жалғасып жатыр


Тегеран көшесіндегі наразы адамдар. 30 желтоқсан 2017 жыл. (Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.)
Тегеран көшесіндегі наразы адамдар. 30 желтоқсан 2017 жыл. (Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.)

Иранда биліктің тыйым салғанына қарамастан тұрғындар наразылығы жалғасып жатыр. Иран үкіметі азаматтарды "заңсыз шерулерге" қатыспауға шақырған. Бірақ сенбі күні елдің бірнеше қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары өткен. Әлеуметтік желілерде кей жерлерде наразылық шеруі тәртіпсіздіктерге ұласып, полиция автокөлігін өртеп жатқаны туралы видеолар тарады, бірақ олардың шынайылығын анықтау қиын болып отыр деп хабарлайды ВВС.

Соңғы үш тәуліктің ішінде Иранда халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауы мен жемқорлыққа қарсылық білдіріп шеруге шыққандардан ондаған адам ұсталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Ирандағы наразылық

Сенбі күні Тегеран университеті мен өзге де бірнеше жерде адамдардың шағын топтары жиналған. Елдің солтүстігіндегі Абхар қаласында демонстранттар Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің үлкен суреті бар жарнамаларды өртеген.

Желтоқсанның 30-ы күні елдің бірнеше қаласында үкіметтің саясатына қолдау білдірген шерулер ұйымдастырылған.

Иран ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани-Фазли азаматтарды "өз-өзіне және өзгелерге проблема туғызбас үшін" шерулерге қатыспауға шақырған. Иран билігі наразылықтың күшеюіне әлдебір "контрреволюциялық" пиғылдағылар мен "шетелдік тыңшыларды" айыптаған.

Бақылаушылар Ирандағы қазіргі оқиғалар 2009 жылы билік күшпен басып-жаншыған халық наразылығынан кейінгі ең ірі наразылық шерулері екенін айтады.

XS
SM
MD
LG