Accessibility links

Қазақстан футболшылары Грузиядан жеңілді


Қазақстан-Грузия матчынан көрініс. Астана, 6 қыркүйек 2018 жыл.
Қазақстан-Грузия матчынан көрініс. Астана, 6 қыркүйек 2018 жыл.

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынында Грузиядан жеңілді. 6 қыркүйек күні Астанада өткен матчта Грузия құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан Ұлттар лигасында рейтингі төмен 15 құрамамен бірге төменгі D лигасында ойнайды. Бұл лигадағы 16 құрама төрт топқа бөлінген. Қазақстанмен бір топта Грузия, Латвия және Андорра бар. Командалар өз алаңында және сырт алаңда кездеседі. Топтық кезең қарашада аяқталады.

Қазақстан құрамасының қалған ойындары

  • 9 қыркүйек. Андорра - Қазақстан
  • 13 қазан. Латвия - Қазақстан
  • 16 қазан. Қазақстан - Андорра
  • 15 қараша. Қазақстан - Латвия
  • 19 қараша. Грузия - Қазақстан

Егер Қазақстан осы топта жеңіске жетсе, D лигасындағы басқа үш топтың жеңімпаздарымен 2020 жылы наурызда өтетін плей-офф кезеңіне қатысады. Төрт жеңімпаз алдымен жартылай финалда ойнайды. Ал жеңіске жеткен екі құрама финалда кездеседі. D лигасы финалында озған команда 2020 жылы жазда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Оқы отырыңыз: Ұлттар лигасы қандай турнир?

Қазақстан құрамасын жаттықтыратын болгариялық маман Станимир Стойлов қыркүйектің 5-і күні Грузиямен ойын алдындағы баспасөз мәслихатында "команданың мақсаты - топта бірінші орын алу" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG