Accessibility links

АҚШ-тың дін еркіндігі жөніндегі елшісі Өзбекстанға сапарлайды


Сэм Браунбэк, АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін еркіндігі жөніндегі елшісі.
Сэм Браунбэк, АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін еркіндігі жөніндегі елшісі.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін еркіндігі жөніндегі елшісі Сэм Браунбэк Украина, Польша және Өзбекстанға діни және этникалық топтар құқығын қорғау бойынша келіссөз жүргізуге сапарлап барады.

Мемлекеттік департамент Браунбэк Украинада үкімет өкілдері діни жетекшілермен кездесетінін хабарлады. Бұдан соң елші Польшаға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұйымдастыратын "этникалық және діни топтардың бейбіт өкілдеріне қарсы репрессивті шаралар туралы талқылауға қатысуға" барады.

Департамент Браунбэктің сонымен қатар Аушвицтегі концлагерге барып, ол жерде нацистік репрессия құрбандарын еске алу шарасына қатысатынын айтады.

Өзбекстанда Браунбэк осы ел билігі мүшелерімен кездесіп, "Өзбекстандағы соңғы кезде қабылдана бастаған дінге еркіндік беру саясаты мен құқықтық реформаларды талқылауды" жоспарлап отыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG