Accessibility links

Таудағы "саяси таңбалар"

Әлемдегі барлық тауда саяси артефактілер кездеседі. Олардың көбі саясаткерлер мен саяси ұйымдардың атымен аталады. АҚШ-та 15 шыңға елдің бірінші президенті Джордж Вашингтон есімі берілген.
Алматы маңында да саяси қайраткерлер мен ұйымдардың атауы берілген шыңдар бар. Таулардан олардың мүсіндерін де көруге болады.
Бұл идеологиялық артефактілердің көбі совет кезінде пайда болған. Бертін пайда болғандары да бар.
Фотогалереяны дайындау кезінде Азаттық тілшісіне кейбір шыңдарды анықтауға таулар бойынша экскурсия жетекшісі Михаил Каймирасов көмектесті. Галереяда қолданылған кейбір деректер В.И.Степановтың “Іле Алатауы бойымен” және Ю. С. Накатковтың “Қазақстан туризмінің тарихы” атты кітаптарынан алынған.

XS
SM
MD
LG